«Білім болашағы: адал азамат, кәсіби маман» – осы күндері Астана қаласында өтіп жатқан тамыз айындағы республикалық педагогикалық саммиттің негізгі тақырыбы.
Алғашқы іс-шара Астана қаласындағы №103 орта мектепте өтті – «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» тақырыбындағы панельдік секция. Секция жұмысына 50-ден астам маман қатысты: аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшылары, білім беру басқармалары мен ұйымдарының өкілдері.
Секцияны Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Кенесұлы Әшіров жүргізді.
Секцияның жұмысын ресми түрде ашқан ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министр Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова болды.
Қатысушылар білім сапасын арттыру, мектепішілік бақылау жүйесі мен педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мәселелерін талқылады.
Өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасаған баяндамашылар:
Қатысушылар маңызды мәселелерді талқылап, пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Секцияның жұмысы нәтижелі әрі конструктивті түрде өтті.