Бүгін Департамент қызметкерлері Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының өкілдерімен білім беру ұйымдарынан шығатын құжаттарды апостильдеуге қатысты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қызмет алушылар тарапынан өтініш беру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қарастырылып, Департамент пен Халыққа қызмет көрсету орталығы арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі, жеделдігі мен сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар айқындалды.