Павлодар облысы білім беру сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.К. Уздембаева жаңа оқу жылына дайындық мониторингі аясында апатты жағдайдағы ғимараттың орнына 90 орындық жаңа мектеп ғимараты салынған Аққулы ауданының Тілектес орта мектебінде болды. Павлодар ауданындағы Бірлік ауылындағы жаңа мектептің құрылысы да қаралды; осы ауылдың оқушылары Заря орта мектебінде оқыды. Бұл нысандарды пайдалануға беру жұмыстары аяқталудың әртүрлі кезеңдерінде. Мәселен, Тілектес мектебінде құрылыстың аяқталу 90% құрап, заманауи құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алынған, сонымен қатар мердігер әр оқушыға мектеп және спорт формасын сатып алуға қосымша қаражат бөлген. Сонымен қатар, Павлодар ауданындағы Бірлік ауылындағы оқушыларға арналған мектеп ғимаратының құрылысы әлі аяқталмай тұр, жұмыстың 60% аспаған. Өкінішке орай, мектеп оқушылары жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастай алмайтын шығар. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.