Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Қ.Мұликова «Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу» тақырыбындағы семинарға қатысты. Бұл тақырып бойынша Павлодар облысы Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды дамыту орталығының қызметкері Д.Қ. Закарьянов баяндама жасады.
Аталған семинар жұмысына Әдеп жөніндегі уәкілдер, сондай-ақ облыстың аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Семинарда алынған ақпарат жұмыста одан әрі басшылыққа алу үшін назарға алынды.