Көрсетілген кезеңде Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге де, жеке тұлғаларға да жеке консультативтік көмек көрсетті. Кеңестер келесі мәселелерді қамтыды:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы талаптарын сақтау
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі
- Департаменттің бос лауазымдарына арналған конкурстарға қатысу.
Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес, қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелері бойынша 3 семинар өткізілді.
Қызметкерлердің этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат Департаменттің веб-сайтында, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылды.
Есепті кезеңде Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында қызметкерлер тарапынан бұзушылықтарға қатысты материалдар анықталған жоқ.