Департаменттің 2025 жылдың 1-жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

Департаменттің 2025 жылдың 1-жартыжылдығына арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс қазіргі қоғамда өзекті әрі басым міндет болып табылады. Департаментте бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Бұл бағытта Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті де жүйелі жұмыс істеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша тұрақты түрде кеңестер мен семинарлар ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін бірқатар алдын алу шараларын қабылдауда. Жаңа «таза парақтан» реттеушілік саясат аясында Министрліктің нормативтік құқықтық актілеріндегі барлық реттеушілік нормалар қайта қаралды. Министрліктің барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарында «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институттары құрылуда.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама негізінде Департаментте 2017 жылдан бастап Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт — бұл Департамент қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесі. Ол заңнамада белгіленген ережелер (тыйым салулар, шектеулер, талаптар) жиынтығын қамтиды, оларды сақтау қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастырады. Бұл әсіресе маңызды, себебі Департамент қызметкері мемлекеттік қызметші мәртебесіне ие, бұл Қазақстан Республикасы азаматының жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты ерекше құқықтарды, міндеттерді және жауапкершілікті білдіреді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Департаментте мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнама мәселелері бойынша 3 кеңес өткізілді. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаменті әзірлеген Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерінің этиканы сақтауы бойынша әдістемелік ұсыныстар талқыланды. Бұл мәселе әрбір аппараттық кеңесте міндетті түрде қаралып, талқыланады.
Бұл бағыттағы жұмысты Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Қ. Муликова да жүргізуде