Департамент басшысы Г.К.Уздембаева ағымдағы жылдың екінші тоқсанында азаматтарды 7 рет жеке қабылдады

Департамент басшысы Г.К.Уздембаева ағымдағы жылдың екінші тоқсанында азаматтарды 7 рет жеке қабылдады

Департамент басшысы Г.К.Уздембаева ағымдағы жылдың екінші тоқсанында азаматтарды 7 рет жеке қабылдады. Өтініш берушілер жеке мектептерді ашу, педагогикалық кадрларды аттестаттау, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, педагогикалық этика нормаларын сақтау, білім туралы дипломның оқытылатын пәнге сәйкестігі, ата-аналар мен мектеп әкімшілігі арасындағы қарым-қатынас және басқа да түрлі мәселелер бойынша жүгінген.
Қабылдау қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. Мысалы, мектеп ашу үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ережелерді ұстану қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарына сәйкес, педагогтардың білімі оқытатын пәнге және лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс екендігі түсіндірілді.