Бүгін Республика көлемінде бұқаралық ақпараттық құралдар қызметкерлерінің күні атап өтілуде. Павлодар облысы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. К. Үздембаева аймақтың білім саласындағы мәселелерді белсенді түрде жариялайтын танымал журналистерімен кездесті.
Павлодарлықтарға жақсы таныс есімдер - «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің шолушысы - Нұржайна Шодыр; «Звезда Прииртышья» газетінің шолушысы - Марина Викторовна Кисенко; «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің шеф-редакторы Роза Аскербековна Мустафина; Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы - Салтанат Ериковна Акимбекова.
Департамент басшысы журналистерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың құттықтау хатын табыстап, педагогикалық қоғамдастықтың атынан кәсібиліктері мен қоғамда жан-жақты, шұғыл және объективті ақпараттауға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.