
✅2024 жылдың 28 қараша күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының ұсынған Жалпыға міндетті білім беру стандарты жобасы талқыланды.
✅Департамент басшысы Г.Даулетова «Жалпыға міндетті білім беру стандартына» енгізілген өзгерістерде тәрбие бағытына, оның ішінде келесі құндылықтарға: тәуелсіздік және патриотизм; бірлік және ынтымақ; әділдік пен жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық және кәсіби біліктілік; жасампаздық пен жаңашылдыққа басымдық берілгендігіне тоқталды.
✅Сонымен қатар, білім беру мазмұны білім алушының бастауыш білім беруді аяқтау бойынша тұлғалық, коммуникативтік, әлеуметтік және азаматтық, моральдық және этикалық, еңбек, танымдық-зерттеу негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға, негізгі орта білім беру болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағдарлау, үнемі білім алуға ұмтылысты дамытуға бағдарланғандығын атап өтті.
✅Департамент қызметкерлері стандарт жобасын жан-жақты талқылап, өз ұсыныс пікірлерін білдірді.