
Педагогтердің әдеп нормалары, педагогтердің "Академиялық адалдықты" сақтамауы, өз міндеттерін дұрыс орындамауы сияқты мәселелер әлі де өзекті болып отыр.

2024 жылғы 25-28 қыркүйек аралығында ауылдық жерлерден мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І бастапқы кезеңін «бір оқушы-бір компьютер» қағидасымен өткізді.
Алайда, осы рәсім кезінде Олимпиаданың академиялық адалдығы мен әділдігі қағидаттарын өрескел бұзған педагогтер анықталды. Атап айтқанда, мұғалімдер оқушыларға жауапты ұсынып, чаттар құрған.
Республика бойынша педагогке жат қылық көрсеткен педагогтердің 9-ы Қызылорда облысынан екендігі анықталған

2024 жылғы 14 қазан күні Қызылорда облысының педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді.

Отырыста ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінде "академиялық адалдық" принциптерін бұзған Қызылорда облысының 9 педагогтың мәселесі қаралды.

Кеңес отырысында Кеңес мүшелері тарапынан педагогтерге сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.

Кеңес отырысының қорытындысымен қаралған мәселелерге қатысты білім басқару органдарына бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар жолданатын болады.