26.06.2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің аппараттық жиналысында Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті тарапынан мектепішілік бақылау бойынша жүргізілген мониторинг қорытындылары талқыланды.
Департамент 2022 жылы – 23 мектепке, 2023 жылы – 33 мектепке мектепішілік бақылаудың жүргізілуіне мониторинг жасады. Мониторинг қорытындысымен білім беру ұйымдарында жүйелі, сапалы жұмыстармен қатар, әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстары анықталып, ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, мектепішілік бақылау жоспарының №130 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес емес 17 мектеп, тоқсан бойынша пәндердің жүргізілуі зерделенбеген 10 мектеп, мектеп әкімшілігінің бекітілген сабаққа қатысу кестесі көрнекті жерге орналастырылмаған – 11 мектеп, БЖБ/ТЖБ орындалуына бақылау жүргізілмеген 9 мектеп, сабаққа қатысуы нормадан төмен – 2 мектеп. Ал 3 мектепте мектепішілік бақылау жоспары жасалмаған (Қазалы ауданында №234 мектеп, Жалағаш ауданында - №116 мектеп, Жаңақорған ауданында-№163 мектеп).
Мектепішілік бақылау жоспары нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау, оқу процесінің сапасын бақылау, білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау, оқу-зерттеу қызметі, мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау, тәрбие процесінің, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау бөлімдерінен тұратын болса, 11 мектепте материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау бөлімі енгізіліп, бекітілген.
Электрондық журналдың жүргізілуіне байланысты педагогтермен кері байланыс журналдың пайыздық қатынасын қарау арқылы күнделікті атқарылғанымен, мониторинг жүргізілген мектептерде толықтығы қамтамасыз етілмеген. Электрондық журналды тексеру қорытындысымен кері байланыс атқарылған, ішінара жүргізіліп кері байланыс нәтижелері қорытындыланған. Мектеп әкімшілігі электрондық журналдың мазмұнының дұрыс толтырылуына мән бермей, тек пайыздық көрсеткішке қарап бағалау жағдайлары да кездеседі.
Мектеп әкімшілігі тарапынан БЖБ/ТЖБ педагогтардың толтырған нысаны бойынша жинақтайды, ал Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны, сапа, үлгерім, қол жеткізілген мақсаттар, қиындық тудырылған мақсаттар бойынша талдамайды. Соның әсерінен туындаған қиындықтардың тізбесі мен себептері айқындалмайды. Бұл білім сапасының жоғары, орта, төмен деңгейлерін анықтауға және проблемалармен жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік беріп, алдағы жоспарларды нақтылайды.
Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыратын және жетілдіретін тұлға болып табылады, сондықтан жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстардын дұрыс жүргізілуі білім сапасының жоғарлауына оң әсер етеді деп есептейміз.