Білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау

Білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау

Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен елімізде балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.

Лицензиялау талаптары медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын, қауіпсіздік жүйелерінің болуын, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асыруды, санитарлық нормалардың сақталуын және балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қажетті инфрақұрылымның болуын қамтиды.

Жаңашылдық жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін орталықтарға қатысты және балаларға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін мемлекеттік те, жекеменшік ұйымдарға да қолданылады.

Осы уақыт аралығында департамент  тарапынан Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік 5 маусымдық балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығына қолданыстағы заңнама тәртібімен лицензия берілді.

Жазғы маусымда аталған орталықтарда барлығы 6860 бала тынығып, бос уақытын тиімді пайдаланып, қосымша біліммен, түрлі бағыттағы үйірмелермен қамтылуда.

https://www.facebook.com/share/v/1DRdVuVfHD/