БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕНГІЗІЛДІ

БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕНГІЗІЛДІ
✅Ағымдағы жылы елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді.
✅Лицензиялау балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыруға, сонымен қатар қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
✅Осы бағыттағы жұмыстармен танысу үшін Департамент басшысы М.Бекмағанбетов Қазалы ауданындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына барып, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастырылуын зерделеді.
✅Іссапар барысында Департамент басшысы №165, №216 мектептердің, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасымен және жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысып, бірқатар ұсыныстар берді.