Жаңа Конституция білім беру сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді

Жаңа Конституция білім беру сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді
Биыл еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи маңызды жыл болуда. Тәуелсіз Қазақстан – ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басуда.
Халық Конституциясы 1-ші шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енді.
Енді Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін боламыз.
Президентіміз «Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ата заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы.
Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі» деген болатын.
Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды.
Адам капиталының, ғылым мен инновацияның, цифрлық ортаның сапалы дамуына, мәдениетіміздің жаңаша өсіп-өркендеуіне, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді.
Жаңа Конституцияның күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, балаларымыздың сапалы білім алып, өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жол ашады.
Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі.
Конституциядағы маңызды жаңашылдықтардың бірі білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған баптың 4-тармағына сәйкес мемлекет білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, олардың қызметіне қойылатын жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейді.
Президентіміз Қсым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен, Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енеді. 5-7 сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды, ал 8-11 сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» курсы енгізіледі.
Жаңартылған білім беру бағдарламалары «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа алатын, Әділетті Қазақстан насихаттайтын, ғылым мен білім ді дамытатын, еліміздің кемел келешегі үшінқызмет ететін отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуге негіз болады.
 
                                                                                                                                                                                Департамент басшысы                                                                                                                                                                                                              М. Бекмағанбетов