Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Бекмағанбетов азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кезекті мемлекеттік аттестаттаудан өту тәртібі, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.
Жеке қабылдау кезінде көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, азаматтардың өтініштері назарға алынды.
Департамент азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді жалғастырады.