
Департаментте Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге қатысты аппараттық кеңес өткізілді.

Қызылорда облысы бойынша білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі 2026 жылғы 30 сәуір – 20 мамыр аралығында өткізу жоспарланған.

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге Қызылорда облысы бойынша 88 жалпы орта білім беру ұйымынан 5710 оқушы қатысады.

Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығына сәйкес аталған зерттеуге министрліктің уәкілетті өкілі ретінде қатысады.

ББЖМ (МОДО) зерттеуінің негізгі мақсаты – білім алушылардың білім жетістіктерінің деңгейін анықтау және білім беру сапасын бағалау.

Зерттеу 4 және 9-сынып оқушыларының оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша білім, білік және дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалауға бағытталған.