"Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету туралы»

"Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету туралы»

✅Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына сәйкес "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет түрін көрсетіп келеді.

✅Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты Гаага конвенциясына мүше елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

✅Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі.

✅Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға 2026 жылдың І тоқсанында басынан 18 өтініш тіркеліп, оның 11 өтініші қанағаттандырылса, 7 өтініш бойынша апостильдеуден бас тартылған.

✅Бару елдері бойынша 11 – Корея, білім деңгейі бойынша – 11 табель бойынша өтініш келіп түскен.