Департамент басшысы М.Бекмағанбетов білім беру қызметін лицензиялау бөлімі мамандарымен кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына талқылау өткізді.
Талқылау барысында кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру бағытындағы қызметті жүзеге асыруға қатысты заңнамалық өзгерістерге кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда, жаңа талаптарға сәйкес білім беру қызметін лицензиялау қағидалары мен біліктілік талаптарының мазмұны түсіндіріліп, оларды іске асыру тетіктері жан-жақты талқыланды. Мамандар тарапынан ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Аталған қызмет түрін лицензиялау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетінін болады.
Талқылау барысында департамент басшысы М.Бекмағанбетов жауапты бөлім мамандарына білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдары арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Алдағы уақытта білім беру қызметін лицензиялау бағытындағы түсіндірме жұмыстары балаларға білім беру-сауықтыру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарымен өткізілетін болады.