
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық талқылау сағаты өткізіліп, Қазақстан Республикасындағы білім саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы талқыланды.

Департамент басшысы М. Бекмағанбетов құқықтық талқылау сағатын жүргізіп, бірқатар тапсырмалар берді.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, негізгі жұмыс орнында ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін орта білім беру ұйымдары педагогтері үшін қосымша ақы белгіленген.
Қазіргі уақытта барлық оқу орындарында ғылыми немесе педагогикалық салада магистр дәрежесі бар оқытушылар жұмыс жасайды.

Осыған сәйкес, ғылыми немесе педагогикалық салада магистр дәрежесі бар барлық оқытушылар үшін осы баптың ережелерін біркелкі қолдануды белгілеу қажеттігі аталды.

Осы сипаттағы білім саласын реттейтін заңнамалық актілерге Департамент тарапынан саралау жасалып, тиісті ұсыныстар Министрлікке тұрақты жолдануда.