Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Сіздерді 25 Қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Республика күні – елдің бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің, тәуелсіз ой мен еркіндіктің символы.
Бұл күн егемен еліміздің мемлекет ретінде қалыптасуының маңызды кезеңдерін айқындайтын, халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігіне деген берік сенімін білдіретін тарихи күн, еліміз үшін жаңа бағыт, жаңа дәуір бастауы болған ұлттық бірегейлігімізді айқындайтын мереке.
Мемлекетіміздің болашағы – білімді, парасатты, елжанды ұрпақтың қолында. Сол себепті де, бұл мереке — әр педагог, әр ата-ана, әр азамат үшін ерекше маңызға ие.
Отанымыздың көркеюіне, қоғам дамуына өз үлесін қосып жүрген педагогтер қауымына алғысымызды білдіре отырып, әр отбасыға амандық, ырыс-береке, елімізге бейбіт өмір мен тұрақты даму тілейміз.