СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

          Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы  мемлекеттік орган басшылары, мамандары және  Әдеп жөніндегі уәкілдермен онлайн форматта семинар-кеңес өткізіп, мемлекеттік қызметке қатысты енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

          Семинар-кеңес барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нәжмедденұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне қойылатын талаптарды сақтау және өз міндеттері мен функцияларын заңға сәйкес атқару туралы айтты.

          Мемлекеттік қызметші —жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтап, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс. Себебі олар жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, қабылдаған шешімінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.

           Осы бағытта Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінде бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілермен әдептілік нормаларын сақтау бойынша семинарлар ұйымдастырылып, азаматтармен жеке қабылдаулар өткізілді.