Ұстаздар күні құтты болсын!

Ұстаздар күні құтты болсын!

        Бүгін  әр жүрекке ізгілік нұрын сепкен, болашаққа бағыт беретін ұлағатты жандардың мерекесі!

        Ұстаз – жай ғана маман емес, ол — ел болашағын қалыптастыратын тұлға. 

        Оның әрбір сабағы – даналықтың дәні, әрбір сөзі – болашаққа жолдама.

        Қоғамда түрлі мамандық иесі бар, бірақ солардың бәріне бағыт көрсетіп, қанат қақтырған – ұстаз. 

        Сондықтан да бұл күн – ерекше құрметке, терең ризашылыққа лайық.

        «Ұстаз – мәңгілік шырақ». 

        Осы шырақты сөндірмей, білім мен тәрбие арқылы қоғамды алға сүйреп келе жатқан барша ұстаздарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

       Департамент ұжымы дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейді! 

       Ұстаздық жолда әр күніңіз қуаныш пен жеміске толы болсын!