ПЕДАГОГТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

ПЕДАГОГТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Бүгін Астана қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ,  КӘСІБИ МАМАН»  педагогтердің республикалық тамыз кеңесі өтіп жатыр.

Педагогтердің республикалық тамыз кеңесінде «Мақсатты мектеп» жобасының аясында «943- ЕЛДЕГІ МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕРДІ ДАМЫТУ» панельдік секциясы жұмысы жүргізілуде.

Панельдік секция отырысына  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әшіров Серік Кеңесұлы,  аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері, білім беру басқармалары, білім беру ұйымдары өкілдерінің қызметкерлері қатысуда.

 Секция отырысының бағдарламасында еліміздегі мақсатты мектептерді дамыту бағытында мақсатты мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, мектепішілік бақылау жүйесі білім беру сапасын арттырудың стратегиялық құралы ретінде, мақсатты мектептердің –өсу нүктесі, оқушылар білімін бағалауда заманауи тәсілдерді пайдалану тәжірибелері жоспарланған.

Панельдік секцияда «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ басқарма төрайымы, «Талдау ұлттық білім беруді зерттеу және бағалау орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ғылыми-әдістемелік қолдау орталығының қызметкері, «Testter.kz» жобасының құрылтайшысы баяндамасы тыңдалады.