БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ САРАЛАНДЫ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ САРАЛАНДЫ

✅Департамент тарапынан 2025 жылғы 14-25 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің әзірлеген Әдістемелік ұсынымдары негізінде өңірдегі 300 жалпы орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы сараланды.
✅Қызылорда облысының білім басқармасы ұсынған мәліметтер, мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары, Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараттарына 5 бағыт бойынша талдау жүргізіліп, қорытындысы Комитетке ұсынылды.
⏳ Талдау барысында жалпы орта білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық қамтамасыз етілуі, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мәселелері, санитарлық-гигиеналық жағдайы, педагог кадрлармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі қаралып, қорытындысы бойынша Білім басқармасына ұсыныстар берілді.