Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейі үшінші рет «Үздік 100 мектеп» қатарына енді

Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейі үшінші рет «Үздік 100 мектеп» қатарына енді
✅Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейі, «Үздік мектеп - 2010», «Үздік мектеп – 2011» иегері, биылғы жылы да үздік болып танылып, республика көлемінде «Үздік 100 мектеп» қатарына енді.
 
✅Мектеп мұғалімдерінің жоғары кәсіби әлеуеті мен ерен еңбегі «Үздік педагог» байқауындағы жетістіктерімен дәлелденіп келеді. Мектеп-лицейдің педагогтері Есмамбетова Қазына, Тәжітаева Салтанат, Пірмаганбетова Әсел, Сарыбаева Гүлжаухар «Үздік педагог» мәртебесін 5 жыл қатарынан иеленіп келеді.
 
✅Биылғы жылы мектеп-лицейді 162 түлек жоғары жетістіктермен бітіріп шықты. 5-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңінде 47 оқушысы, екінші кезеңде 10 оқушысы жүлделі орындар иеленген.
 
✅9-11 сынып оқушылары арасында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 12 жоба жүлделі орындарға ие болған.
 
✅Ақтөбе каласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 10 сынып оқушылары Файзуллин Арман мен Ділдабек Ердаулет жүлделі үшінші орынмен марапатталған.
 
✅11 сынып оқушысы Серемет Жанель Жолдасбеков атындағы 11 сыныптарға арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында екінші орын жеңімпазы атанған.
 
✅Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы құттықтауын Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Айгүл Мырзағалиева білім беру ұйымына табыстап, ұжымға еңбектерінің еселеніп, жаңа бастамаларының табысты болуын тіледі!