«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы жүзеге асырылуда

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы жүзеге асырылуда
✅Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге, қала мен ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. 
 
✅ Қызылорда облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  6 900 орындық 10 мектеп құрылысы жүргізілуде. 
Бүгінгі күнге 6 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 
 
✅ Жаңа форматтағы мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кедергісіз жүріп-тұруына мүмкіндік жасалған. Заманауи техникалық құрал-жабдықтар орнатылып, қауіпсіздік шараларын арттыруға ерекше назар аударылған. 
 
✅ 4 мектептің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.