Меню
Страницы

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ НӘТИЖЕСІМЕН ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН МЕКТЕП

МЕМЛЕКЕТТІК  АТТЕСТАТТАУ НӘТИЖЕСІМЕН ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН МЕКТЕП
2023 жылғы 31 мамыр күні Департамент басшысы Ғ. Дәулетова білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау барысында 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының «Дипломын» табыстады.
 
 Оқу жылының қорытындысымен №10 мектеп-лицей мемлекеттік аттестаттаудан өту барысында жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келді.
 
 Мемлекеттік аттестаттау барысындағы кешенді тестілеуге 97% оқушы қатысып, оң нәтижелі бағаны 80% оқушы алды.
 
Мектеп типтік негізде, ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген.
 
174 педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген, оның ішінде 169 жоғары білімді. Мектепте 46 - педагог-зерттеуші, 45 - педагог сарапшы жұмыс атқарады.
 
Мектеп білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді.
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты