Бүгін Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Б. Сатыбалды Ақтау қаласындағы лицензиясыз оқу үрдісін бастаған мектептердің басшылары және қалалық білім бөлімінің кадр ісіне жауапты сектор меңгерушісі Н. Сатқанованың қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналыста мектептердің лицензия алу бағытында жүргізіп жатқан есебі тыңдалды. Лицензия алуға кедергі келтіріп тұрған мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланды. Жиналыста көтерілген мәселе өте өзекті және оқу жылы аяқталғанша шешілуі керек. Сондықтан білім беру мекемелері және білім бөлімі тарапынан істелетін жұмыстар мен қолдау шаралары нақтыланды.