Білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау

Білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен биылғы жылы алғаш рет еліміздегі балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау тәртібі енгізілді.

Жаңа талаптарға сәйкес, лицензия алу барысында балаларға көрсетілетін медициналық қызметтің ұйымдастырылуы, қауіпсіздік жүйелерінің қамтамасыз етілуі, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы, санитариялық нормалардың сақталуы, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қажетті инфрақұрылымның болуы ескеріледі.

Лицензиялау талаптары жыл бойы және маусымдық режимде жұмыс істейтін, балаларға білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға бірдей қолданылады.

Осы бағытта Маңғыстау облысы бойынша департамент тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 6 мемлекеттік маусымдық балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығына лицензия берілді.

Жазғы сауықтыру маусымы барысында аталған орталықтарда барлығы 11030 бала қамтылды. Сонымен қатар балалар қосымша білім беру бағдарламаларына, шығармашылық және танымдық бағыттағы түрлі үйірмелер мен іс-шараларға тартылуда.

Бұл шаралардың барлығы балалардың жазғы демалысын көңілді, қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында қабылданған.

https://www.facebook.com/share/v/1DGALr7U9f/?mibextid=wwXIfr