Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Светлана Дүмбайқызы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өткізді.
Кеңес барысында аталған тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен міндеттері жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, тұжырымдамада көзделген мақсаттардың бірі – қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту екендігі атап өтілді.
Кеңес барысында қатысушыларға заң мен тәртіп қағидаттарын күнделікті қызметте және қоғамдық өмірде сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтуға әрбір азаматтың қосар үлесі маңызды екендігі айтылды.
Өткізілген кеңес қоғамда заң мен тәртіп құндылықтарын дәріптеуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және заң талаптарын сақтау жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.