20.05.2026 жылы кәмелетке толмағандарға жазғы сауықтыру қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес өңірдегі балаларды сауықтыру ұйымдарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған өзгерістер аясында өңірдегі 6 балаларды сауықтыру орталығының өкілдерімен жиын өткізіліп, лицензия алу тәртібі, қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар бойынша алдын ала түсіндірме берілді.
Жиын барысында қатысушыларға лицензиялау рәсімдерінің кезеңдері, санитариялық-эпидемиологиялық және қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ жазғы сауықтыру маусымын ұйымдастырудағы жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.