Жаңа Конституция кұндылықтары талқыланды

Жаңа Конституция кұндылықтары талқыланды

30 сәуір күні Маңғыстауда Жаңа конституция аясында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілетуге арналған жиын өтті.
Кездесудің мақсаты – құқықтық жүйені түсіндіру, сондай-ақ білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру мәселелерін талқылау.
Жиынға Маңғыстау облысы білім басқармасының басшылығы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, оқу-әдістемелік орталықтардың басшылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы өкілдері тарапынан білім беру жүйесіндегі конституциялық қағидаттарды ілгерілету, отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ сапалы, қолжетімді және әділ білім беру жүйесін қалыптастыру мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды.
Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Қная Такенова іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланғанын атап өтті.
Конституциядағы өзгерістерді жан-жақты талқылау, ой-пікір алмасу және сұрақтарға жауап беру мақсатында кездесу өтті. Жиынға 500-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері, ардагер ұстаздар және педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері қатысты.