29-желтоқсан күні Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар-кеңес өткізді. Кеңесте мемлекеттік аттестаттауда басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар және өзін-өзі бағалауды жүргізу туралы білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы С.Чуйшбаева таныстырып, білім беру ұйымдары басшыларының сұрақтарына жауап берілді.