Департамент басшысы М.Сулейменов Ақтау қаласы «№9 жалпы білім беретін мектеп» КММ жұмысымен танысты. Аталған мектеп 1973 жылы ашылған, жаңғыртуды (реновация) қажет етеді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде.Сыйымдылығы - 960. Оқушылар саны – 1700. Мұғалім саны – 152, барлығы - 45 оқу кабинеті, спорт зал - 1, акт зал - 1 кітапхана - 1, асхана-1.
Биология ,физика, химия кабинеттері талапқа сай емес,мектеп асханасын жарықтандыру,спорт және акт залдарын ағымдағы жөндеуден өткізу керек.Сонымен бірге материалдық базасын толықтыру қажет.