Бүгін Департаментте жеке қабылдау өткізілді. Онда білім ұйымдарын лицензиялау және аттестаттау мәселелері қаралды.
Мемлекеттік аттестаттаудан 2 мәрте өтпеген мектепке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім беру қызметіне лицензиялау мәселелері бойынша жекеменшік мектеп өкілінің сұрақтарына жауап беріліп, ҚР Оқу-ағарту министрінің №473 бұйрығының мазмұны егжей-тегжейлі түсіндірілді.