МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 маусым күні Ақтауда білім сапасы мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды және лицензиялауды жүзеге асыру туралы жиын өтті. Аталған жиынды өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырды. Іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары, аудан, қалалық білім бөлімінің басшылары, «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» мекемесінің директоры, сондай-ақ аудандық, қалалық орталықтарының басшылары, мектеп директорлары және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Басты мақсат – білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыру және оқушылардың білім деңгейін көтеру. Департамент өкілдері қатысушыларға аталған процестердің маңыздылығын түсіндірді, қатысушылар тәжірибе алмасу үшін пікірін айтты. Жиын барысында білім сапасын арттыру, аттестаттау және лицензиялау процестері туралы маңызды мәселелер қаралды.

Білім сапасын арттыру үшін бірнеше маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Облысымызда қазіргі таңда 200-ден астам білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 56 жекеменшік мектеп. Лицензиялау аясында 7 мектеппен жұмыс жүргізілуде. Оқу жылы аяқталғанша 4 мектеп заң аясында лицензиясын алса, 3 мектеп құжаттарын рәсімдеу үстінде.