
Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті лицензияны және (немесе)лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша облыстың орта білім беру ұйымдарымен бейнеконференция түрінде кеңес өткізді. Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеудің негізгі мәселелері бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.
Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініштерді қабылдау кестеге сәйкес 2025 жылғы 1 сәуірі мен 1 шілде арасында жүзеге асырылатын болады.