Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметі туралы есеп

Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметі туралы есеп

Кадрлық жұмыс (құрылымы, штат саны, қызметкерлердің сапалық құрамы, бос жұмыс орындары, функцияны бөлу).

 

           Департаменттің штат саны 10 қызметкерді құрайды, оның ішінде 8 – мемлекеттік қызметші, 2 – шарт бойынша жұмыс істейтіндер.

           Департаменттің құрылымы келесідей:

1) басшылық: Департамент басшысы-1 бірлік.

2) білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімі: бөлім басшысы - 1 бірлік, бас маман – 3 бірлік.

3) білім беру қызметін лицензиялау бөлімі: бөлім басшысы – 1 бірлік, бас маман – 2 бірлік.

4) шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкер: хатшы – 1 бірлік, жүргізуші – 1 бірлік.

        2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Департамент қызметкерлерінің нақты саны 8 адамды құрайды, оның ішінде 2 – шарт бойынша жұмыс істейтіндер.

         Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына жауап береді.

        Лауазымдық міндеттері басшының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 447 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен келісілген біліктілік талаптарына сәйкес бөлінген.

      Ағымдағы жылы кестеге сәйкес 3 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курстарынан өтті (2-білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы, 1-лицензиялау бөлімінің бас маманы).

 

Мемлекеттік бақылау (мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер).

 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай облысының 125 білім беру ұйымдарында, оның ішінде 95 мектепте, 30 мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік аттестаттау өткізілді.

Білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу қорытындысы бойынша МЖМБС талаптарына сәйкестікке 19 (63,3%) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары, 18 (18,9 %) орта білім беру ұйымдары аттестатталды.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 8 білім беру ұйымында  жұмыс оқу жоспары үлгілік жоспарға сәйкес келмеуі, 2 мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы талаптардың бұзылуы, 9 мектепте білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырудың бұзылуы, 20 мектепте бейіндік білім беру бойынша педагогтердің сәйкес келмеуі, 10 мектепте медициналық қызмет көрсетудің болуы,  20 білім бері ұйымында ғимаратқа СЭС, ТЖ қорытындының болмауы анықталды, 20 мектепте тамақтану объектісіне СЭС қорытындысының болмауы, 11 білім беру ұйымдарында оқу кабинеттерінің жеткіліксіз жарақтандырылуы, 6 мектепте үшінші деңгейдегі домендік атаудың болмауы, 14 мектепте біліктілікті арттыру курстарының мерзімдерін бұзылуы, 7 мектепте ҰББДҚ мәліметтерінің дұрыс еместігі, 7 мектепте ең жоғары оқу жүктемесінің бұзылуы, 40 мектепте ағымдағы бағалауға қойылатын талаптардың бұзылуы, 8 мектепте 4,9 сынып оқушыларының даярлығының төмен деңгейі анықталды.

Мемлекеттік аттестаттау 17 пәндік кабинет сатып алуға, қазандықтарды ғимараттан шығаруға және 13 білім беру ұйымдарында блок-модульдік қазандықтарды орнатуға, педагогтердің курстық даярлығынан өтуіне ықпалын тигізді.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жеке тұлғаның өтініші бойынша 1 жоспардан тыс тексеру жүргізді, тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын бұзушылығы анықталды, заңды тұлғаға қатысты 1 әкімшілік іс қозғалды.

11 білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау жүргізілді: Дәмді ЖББМ Наурызым ауданы, Комсомол ЖББМ Сарыкөл ауданы, Восточный ЖББМ Арқалық қаласы,  Аршалы ЖММБ Денисов ауданы, Рудный қаласының кешкі мектебі, Молоканов НОМ Қостанай ауданы, Набережный БМ Денисов ауданы, Сарысу НОМ Жангелді ауданы, Милютин НОМ Жітіқара ауданы, «Мектеп-балабақша-гимназия» мекемесі Қостанай қаласы.             

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша МЖМБС бұзушылықтары анықталған жоқ, 10 мектепте ҚР заңнамасы бойынша бұзушылықтар анықталды, нұсқамалар берілді.

Орта білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарының сәйкестігіне 17 тексеру жүргізілді, 10 білім беру ұйымдарының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталды, заңды тұлғаларға қатысты 8 әкімшілік іс, лауазымды тұлғаларға қатысты 2 әкімшілік іс қозғалды.

 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштердің, материалдардың негізінде тексеру нәтижелері бойынша заңды және жеке тұлғаларға қатысты 19 әкімшілік іс қозғады. 

Әкімшілік істерді қарау қорытындысы бойынша 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 766,5 АЕК (2 829 918 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету.

 

 

 

 

- Білім беру қызметін лицензиялау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібі, лицензиясыз және хабарламасыз қызмет;

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу.

      2024 жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 50 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 6 өтініш қаралды. Оң шешім 4 өтініш бойынша қабылданды (66,7%), 2 өтініш бойынша бас тартылды(33,3%). Бас тартулар кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тыңдау рәсімі жүргізілді.

       Өтініштердің түрлері бойынша талдау көрсеткендей, лицензиялар және (немесе) оған қосымшалар қайта ресімделді – 4 өтініш беруші, оның ішінде 4 мектеп.

       Білім беру қызметін жүзеге асыратын, оған рұқсат құжаттары жоқ білім беру ұйымдары жоқ.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен, жеке білім беру ұйымдарына рұқсат құжаттарын ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 24-бабының талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігі туралы хаттар жолданды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі; 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша халыққа түсіндіру іс-шараларымен 75 адаммен өткізілді.

       2024 жылы Департаменттің 1 қызметкері Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалының жанынан «Адамдар ең алдымен: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

       «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 50 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 48-қағаз түрінде, 2 – «электрондық үкімет» порталы арқылы түскен өтініштер бойынша қызметтер.

        Талданатын кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

         2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында 512 мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары, оның ішінде 177 балабақша (115 мемлекеттік, 62 жеке), 335 шағын орталық (330 мемлекеттік, 5 жеке) өз қызметін жүзеге асырды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында 372 мектепалды сынып жұмыс істейді. Барлық ұйымдар хабарлама тәртібін сақтады.

 

Педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметі.

 

         2024 жылдың бірінші жартыжылдығында педагогикалық әдеп және педагогтардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілді.           

        Отырыстарда «Академиялық адалдық» қағидаттарын, педагог қызметкерлер тарапынан педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша мәселелер қаралды.

        Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасына түсіндіру жұмыстарын жүргізу, педагог қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдануды қарастыру туралы ұсынымдар берілді.

 

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

(саны, жиі көтерілетін сұрақтар, жүйелік өтініштер).

 

       2024 жылдың 1 жартыжылдығында 56 өтініш түсті. Департаментпен 21 өтініш қаралды, оның ішінде 7 – әкімшілік рәсім тәртібімен (5 жағдайда қолайлы әкімшілік акт қабылданды, 2 – ауыртпалық). Жеңілдетілген әкімшілік рәсім тәртібінде 14 өтініш қаралды. Құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға 36 өтініш, оның ішінде ішінара - 3 өтініш жіберілді. Өтініш берушінің кері қайтарып алуы негізінде 5 өтінішті қарау тоқтатылды.

 

 

 

Мемлекеттік сатып алу.

 

2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу көлемі-8351,6 мың теңгені құрайды.  2024 жылы өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден және екінші негіздемелік келісім тәсілімен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулар жүргізілді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерінің жалпы саны - 28 бірлік.

 

 

Бюджетті игеру.

 

             2024 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша Департаментке 97764,50 мың теңге бөлінді, оның ішінде білім беру саласындағы іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз етуге 97572,0 мың теңге және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз және біліктілікті арттыруды қамтамасыз етуге 192,5 мың теңге.

           2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша кассалық шығыстар 50830,89 мың теңгені құрады (бюджет қаражатын игеру 100%  құрайды).

 

 

ЖАО және МҰ өзара байланыс

 

Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл желісі құрылды. Бірінші жартыжылдықта келесі іс-шаралар өткізілді:

- 18 қаңтарда Департаменттің бас маманы А. Игисинованың білім басқармасының алқасында "2023 жылғы мемлекеттік бақылау қорытындысы. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылаудың жаңа түрлері";

- ағымдағы жылдың 09 ақпанында Қостанай облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудандардың, қалалардың білім бөлімдерінің қызметкерлері үшін "мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдаудың нормативтік-құқықтық базасы және тәртібі" онлайн-семинарын өткізді;

- 28 ақпанда Департамент басшысы А. Сураганова "Қостанай облысының білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жағдайы туралы" мәселесі бойынша "AMANAT" партиясы жанындағы кеңестің отырысында сөз сөйледі;

- 29 ақпанда өңірлік коммуникациялар алаңында "Білім сапасы және 2023 жылға арналған мемлекеттік бақылау шаралары туралы" брифинг өткізілді;

- облыс педагогтарымен (басшыларымен, педагогтарымен), "Өрлеу" БАИ біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен білім беру мәселелері бойынша 5 кездесу;

- департамент қызметкерлері облыстың 224 мектебінің қатысуымен мемлекеттік бақылау түрлерін түсіндіру және оларға дайындық бойынша семинарлар өткізді;

- бас маман Ж. Нүкеева облыстық" Мұғалім плюс " апталығында білім беру мәселелері бойынша 2 мақала жариялады;

облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарына, білім басқармасына 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Қостанай ауданы Жданов ЖББМ, Белозерка НОМ температуралық режим бойынша білім басқармасына хаттар жолданды.