Департамент басшысы Қостанай қаласының Абай атындағы жалпы орта білі беретін мектебінде «Білімім-Отаныма» тақырыбында өткен сынып сағаттарына қатысты.
Биылғы жылдың аяқталуы жаңа форматта өтті, сынып жетекшілері оқушылырымен, ата-аналарымен бірге жыл қорытындысын жасады.
Оқушылар мен ата-аналардың ерекше белсенділігі, көңіл-күйлері, қарым-қатынастары, мектептің ерекше атмосферасы жақсы әсер қалдырды.
Барлық оқушыларды, әріптестерімді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!
Ата-аналармен әңгімелесу барысында алдыңғы оқу жылдарының аяқталуына арналған іс-шарада мектеп ауласында немесе спорт залдарында сапта тұрғаннан гөрі биылғы оқу жылының ерекше қорытындысы барлығының көңілдерінен шыққаны байқалады.