ЭФИРДЕ СҰХБАТ: «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ

ЭФИРДЕ СҰХБАТ:  «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ

ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде биыл алғаш рет Мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанға бекітіліп, дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.  Кәсіби мереке қарсаңында  мұғалімдердің құқығы, міндеттері мен жауапкершілігі туралы сұхбат бағдарламасында әңгіме жүргізілді.
        Ұстаз мамандығының беделін арттыру мақсатында елімізде бірнеше мәрте қадамдар жасалып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты нақты тапсырмалар жүктеген болатын. 2020 жылы «Педагог мәртебесі туралы»  заңы қолданысқа енгізілді. 21 баптан тұратын заңда ҚР педагогтің ерекше мәртебесі танылады, оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.