АМАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЗДІКТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА

АМАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЗДІКТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА

Қостанай облысының білім басқармасының өткен оқу жылының рейтингісі бойынша үздіктер қатарында Дихамбаев Мурат Сембайұлы басшылық ететін Амангелді ауданының білім бөлімі. Білім бөлімі 2 млн 500 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Жаңа оқу жылының қарсаңында жұмыс сапарымен осы ауданның бірқатар мектептерінің жай-күйімен таныстым. Сол кезде білім мекемелерінің жаңа оқу жылына сапалы дайындығын байқаған едім. Мектептерінің әдемі ішкі безендірілуімен қатар сыртқы абаттандыру жұмыстары да тамаша жүргізілгені бірден көзге түседі.

Бүгінде ауданда 18 мектеп, 3 балабақша,  1 музыка  мектебі, 1 инклюзияны қолдау кабинеті, 1 балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы бар.  Мұнда  593 педагог еңбек етеді,  2 мың 500 жүзден аса оқушы білім алады.

Жыл сайын саланың дамуына қомақты қаражат бөлінеді,  өткен оқу жылында 3 млрд.964 млн 500  мың теңге болсы, биылғы жылғы  қаражат 80 пайызға немесе 4  млрд. 984  млн.635 мың теңгеге өскен. Соңғы бес  жылда ауданда   4  білім беру мекемесі  күрделі жөндеуден өткен.  Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің ғимаратына күрделі  жөндеу жұмыстары  483, 2 млн.теңгеге жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмыс аяқталып келеді. Айта кету керек, бұл мектеп 2022 жылдың білім алушылардың білім жетістіктерінің (МОДО) мониторингісі бойынша елімізде ауыл мектептерінің арасында ең үздік нәтиже көрсеткен білім ошағы. Ұжым Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Дипломымен марапатталды.

Әрине, ауданда әлі де болса күрделі жөндеуді қажет ететін білім мекемелері баршылық, сонымен материалдық- техникалық базаны нығайту үшін жұмыстардың жүруін талап етеді, дегенмен, бұл мәселелер ретімен жасалып,  жақын жылдары іске асады деп ойлаймын.

Ең бастысы ауданда талапты басшы, талантты, кәсіби құзыреттері жоғары ұстаздар жұмыс істейтініне көзім жетті. Мұғалмідер күні қарасаңында білім бөлімінің қызметкерлерін, барлық ауданның педагогтерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында еңбектеріңіз еселеніп, нәтижелі, жеңістер мен жетістіктерге толы жыл болсын, оқушыларыңыз биік белестерді бағындырсын! Сіздерге мықты денсаулық, жақсылық пен шығармашылық табыс тілеймін!