
2023 жылдың 7 қыркүйек күні Қостанай облысының «AMANAT» партиясы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Білім саласына қатысты «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мәселесі», «Мектепке дейінгі білім мекемелерінің 2023 жылдың І ж/ж өткен мемлекеттік аттестацияның қортыныдысы», «2023-2024 оқу жылына оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету» тақырыбында талқылау жасалды. Білім басқармасының баяндауы бойынша өңірде 532 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды, соның ішінде 72 жекеменшік бала бақшалар, 348 мектеп жанындағы шағын орталықтар. Мұнда 29 мыңнан астам бала білім мен тәрбие алады. Балабақшамен қамтамасыз ету мақсатында облыста 2021-2025 жылдарға арналған жаңа орындар мен мектепке дейінгі мекемелер ашу жоспары бекітілген. Биыл 545 орын берілетін болады. Дегенмен, балабақшаларға кезекте тұрғандардың саны жоғары болып қалады. Осы жылдың 1 тамызына кезекте тұрған бала саны 11 мыңнан астам, соның 5 мыңға жуығы 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер.
Отырыс барысында мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілген мемелекеттік аттестация жөнінде баяндадым. 2021 жылғы қазаннан 2023 жылғы тамыздың аяғына дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 88 ұйымын мемлекеттік аттестаттау өткізілді, бұл балабақшалардың жалпы санының 46,3% - құрайды, қорытындысы бойынша тек 33 –і немесе 37% сәтті өтті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша бұзушылықтар оқу-тәрбие процесінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмеуімен байланысты, олар оқу жүктемесін жоспарлауға, жас кезеңділігіне, оқыту мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтамаудан, тәрбиеленушілердің даму карталарының болмауынан және басқалардан көрінеді. Мемлекеттік аттестаттаудың нәтижесі әлдеқайда нашар мектептер жанында жұмыс істейтін шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптарында. Жіберілген бұзушылықтарды мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін бақылаудың болмауымен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелерінде мектеп басшыларының қадағаламауында және осы сатының мектепішілік бақылаудың жоспарында болмауымен байланыстырамыз. Баяндама қорытындысы бойынша білім басқармасына бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Келесі сұрақ оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету. Бұған облыстық бюджеттен 1,8 млрд. тенге қарастырылған. Білім басқармасының айтуынша 454 мемелекеттік мектептердің бастауыш сыныптарында 49 мыңға жуық оқушы білім алады. Бүгінгі күні осы бағыттағы жұмыстар жүргізіліп, жеке кәсіпкерлер анықталып, жан жақты ыстық тамақпен қамту мәселелері қарастырылып жатыр. Айта кету кере, өңірде 100 жуық мектептерде асхана қарастырылмаған, соның ішінде басым көпшілігі бала саны аз бастауыш мектептер. Осыған байланысты бұл мәселе жергілікті атқарушы органдар тарапынан буфеттік тамақтану, дайын тамақты тасымалдау, шаттқа жеке аспаз қабылдау сияқты шешімдерін қарастыруда.
Аталған сұрақтар қоғамдық кеңестің бақылауында болады!