2026 жылдың 01-05 маусым аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 51 бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 51 бөбекжайы» КМҚК білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 51 бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы берілді.
Қостанай облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бұйрығымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «№51 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп танылды.