
Қостанай облысында 2026 жылғы 30 сәуірде басталған білім алушылардың білімін мониторинг аяқталды.
Аталған мониторинг білім алушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған зерттеу құралы болып табылады. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, жетілдіруді қажет ететін оқу-тәрбие процесінің бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің қорытынды нәтижесі – білім сапасын арттыру мақсатында әр өңір бойынша кешенді талдау негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеуге орта білім беру ұйымдарының 4 және 9-сынып оқушылары қатысты. Тестілеу компьютерлік форматта өткізіліп, келесі бағыттар бойынша функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталды:
* оқу сауаттылығы
* математикалық сауаттылық
* жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы
Мониторинг облыстың барлық жоспарланған білім беру ұйымдарында штаттық режимде өткізілді.