Қостанай облысында білім деңгейін мониторингтеу басталды

Қостанай облысында білім деңгейін мониторингтеу басталды

2026 жылғы 30 сәуірден бастап Қостанай облысында білім алушылардың білім деңгейін мониторингтеу басталды.

Бұл мониторинг - оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған отандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің түпкі нәтижесі - білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеуге орта білім беру ұйымдарының 4 және 9-сынып оқушылары қатысады. Тестілеу компьютерлік форматта өткізіледі және келесі бағыттар бойынша функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған:

* оқу сауаттылығы

* математикалық сауаттылық

* жаратылыстану-ғылыми сауаттылық