
Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша жеке кеңес өткізді.
Кеңес барысында лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу рәсімі бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді. Сондай-ақ қажетті құжаттамаға толық шолу жасалып, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі қарастырылды.