Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі әдеп нормаларын ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Есепті кезеңде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға жеке консультативтік көмек көрсетті: барлығы 5 жеке консультация өткізілді, оның ішінде 2-еуі – мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет және бейінді мәселелер бойынша, 3-еуі – азаматтарға бейінді мәселелер бойынша берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінген азаматтарға олардың өтініштері бойынша (бейінді мәселелер, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы) түсіндірмелер берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар белсенді қолданылады. Есепті кезеңде интернет-ресурстарда барлығы 6 жарияланым орналастырылды, оның ішінде 3 жарияланым – мемлекеттік органның ресми сайтында, 3 жарияланым – әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда.
Интернет-парақшаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі: Департамент қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та жағымсыз жарияланымдар анықталған жоқ.
Департаментте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 3 ақпанда профилактикалық және түсіндіру іс-шаралары аясында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері Қостанай облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Қазақстан Республикасы Антитеррористік орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.
2026 жылғы 2 ақпанда басшының қатысуымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбындағы профилактикалық жұмыс аясында 2026 жылғы 26 ақпанда Департамент қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №76 мекемесіне барды.
2026 жылғы 10 ақпанда Департамент қызметкерлері білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аппараттық кеңесіне қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас кеңесшісімен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілімен кездесу өтті.
2026 жылғы наурыз айында мереке күндері қарсаңында жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарымен басшының қатысуымен кеңес өткізілді.
2026 жылғы 11 наурызда әдеп жөніндегі уәкіл Қостанай облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті ұйымдастырған кеңеске қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін талқылады.
Республикалық референдум қарсаңында Департамент ұжымында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері, оның ішінде бір палаталы Парламент – Құрылтай құру, Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ жалпыұлттық диалогтың жаңа алаңы – «Қазақстан Халық Кеңесі» мәселелері талқыланды.
Департамент ұжымында тұрақты, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқан. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша тоқсан сайынғы мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер арасында ұжымда оң ахуал қалыптастыру мақсатында этикалық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Наурыз мейрамы аясындағы «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігі барысында Департамент ұжымында мерекелік және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды: «Қайырымдылық күні» (мейірімділік пен өзара көмек күні), «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» (мәдениет, ұлттық дәстүрлер және ұлттық киім күні).
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің оң тәжірибесі туралы материалдар жарияланды.
Сондай-ақ халықты мемлекеттік қызметтермен (білім беру қызметін лицензиялау) қамтамасыз ету бойынша оң тәжірибені көрсету мақсатында бейнероликтер орналастырылды.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілері өз құзыреттері шегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметі мәселелері бойынша жеке консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуде.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметінің мәселелері бойынша жеке кеңес беру және әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды насихаттау бойынша департамент қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттер бойынша мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, қызметкерлердің оң жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, мемлекеттік қызметшінің беделін көтеруге бағытталған материалдарды жариялау.
Мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды насихаттау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген әдеп қағидаттарының түсіндіру жұмыстары жалғасады.