2026 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай облысының 18 мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, олардың 11-і аттестатталды, 7-і аттестатталмады.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оқу жұмыс жоспарларының сәйкессіздігі анықталды, үлгілік оқу бағдарламасының талаптары, бастапқы, қорытынды мониторинг жүргізу, жас топтарын қалыптастыру жөніндегі талаптар бұзылды.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Ұзынкөл ауданы Үкатқан БМ, Федоров ауданы Минск БММ, Арқалық қ.Фурманов БММ-де 3 профилактикалық бақылау жүргізді. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 1 білім беру ұйымында МЖМБС бұзушылықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталды, нұсқама жасалды.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Меңдіқара ауданының білім бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді, тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталды.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Департамент басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негізінде заңды және жеке тұлғаларға қатысты 4 әкімшілік іс қозғады.
Әкімшілік істерді қарау қорытындысы бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанында 50 АЕК (216 250 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылды.