Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды

Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум қарсаңында департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының ережелерін талқылады. Негізгі Заңның жаңалықтары – бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы, Вице-Президент институтының құрылуы, жаңа ұлттық диалог алаңы – Қазақстан Халық Кеңесін құру. Конституциялық деңгейде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бекітілген.

Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принциптері: Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау.

Адами капиталды, білім беруді, ғылымды, инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыттары болып табылады.