2026 жылдың 26-30 қаңтар аралығында ««Непоседа д/с «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен «Непоседа д/с «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Непоседа д/с «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.